Биылғы жылдың қазан айының алғашқы он күндігінде Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаидың жетекшілігімен өткен ауқымды шараға әр өңірден Аналар кеңесі мен Әкелер кеңесінің төрағалары келді. Қызылорда облысынан қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, Аналар кеңесінің төрағасы Рахима Ахметова, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Әкелер кеңесінің төрағасы, көпбалалы әке Ғани Байұлы қатысты. 

Бірінші сессия аясында республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызы Қызылорда облысының Аналар кеңесінің жұмысын ерекше атап өтті. 

Сыр өңіріндегі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы атқарылған жүйелі жұмыстарға оң бағасын берді. Әсіресе, шалғай ауылдардан шығып, өз күшімен, білімімен, ана тәрбиесінің нәтижесінде жетістікке жеткен жандардың аналарын елге танытудағы елеулі жұмыстарды республика көлемінде жандандыруға шақырды. Жобаның негізгі бағыттарының бірі нағыз Ел аналарын насихаттау екендігін алға тартты. 
 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!