Әкімдер рейтингі шықты. Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев төртінші орынға жайғасыпты. Бестікке енуіне макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы себеп болды дейді сарапшылар. Кеше айтқан инвестиция көлемінің артуы, сонымен қатар Нәлібаевтың Сырдарияның жоғары ағысында орналасқан көршілермен су бөлісу бойынша тиімді келіссөздер жүргізуі, жылу беру маусымына сақадай сай дайындық жасауы жоғары бағаланған.

Инвестормен Қызылорда қаласында жаңа ТЭЦ салуға уағдаласып қана қоймай, іргетасын қалауы да рейтингке оң әсер еткен сыңайлы. Жол құрылысының қарқыны да жаман емес. Тар көшелер кеңейтіліп, жолы жоқ көшелер жөнделіп жатыр.

Жалпы Нәлібаев қыркүйекте жұрттың назарында болды дейді сарапшылар. Өнер, Неке сарайлары мен Қан орталығының құрылысын бастады. Кәріз құдығына түсіп кеткен сәбиді құтқарған балаға пәтер сыйлады, үздік мектепке 34 млн теңге табыстады деп жалғаса береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!