«Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы оғиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.

Оқиға сағат 11.40 шамасында орын алды. Түсініспеушілік «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасы  басшысының әріптестеріне дөрекі сөйлегенінен туындаған.

Қазіргі таңда кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.