Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры қызметіне Тілес Талғат Оспанұлы тағайындалды.

▪️Талғат Оспанұлы Тілесовтің есімі жастар саясаты саласында таңсық емес. Жалынды жас қызмет жолын «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесі басшысының орынбасарынан бастап «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық филиалының басшысы, «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының директоры қызметіне дейін көтерілді.

Нұр-Сұлтанда «Jas Otan» Жастар қанаты орталық аппараты, ұйымдастыру және аймақтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» орынбасары қызметінде болды және өзге де жауапты қызметтерді атқарды.

Талапты маман «Nur Otan» партиясының саяси менеджмент мектебінде біліктілігін арттырған. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған, «Ғани Мұратбаев» атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері.

____________

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!