Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекованың 2022 жылдың 6 қыркүйегіндегі №02-05/99 бұйрығына сәйкес облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары қызметіне Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы тағайындалды.

Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы 1988 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген.

2006-2010 жылдар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Филология факультетін бітірген.2010 – 2014 жылдар аралығында «Салини Коструттори С.п.А» италиялық жол құрылысы мекемесінде, «Жанрос» мұнай компаниясында аудармашы-референт қызметтерін атқарған.2014 – 2016 жылдары «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығында сарапшы, жетекші сарапшы болып жұмыс жасаған.2016 – 2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында инспектор, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.

2017 – 2018 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратында әдіскер;2018 – 2020 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшы лауазымдарын абыроймен атқарды;2020 – 2021 жылдары «Теңізшевройл» компаниясында әкімші;2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың ақпанына дейін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де бөлім басшы, ақпаннан бүгінге дейін орталық директоры лауазымын атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!