Жұмыс берушінің міндетті 5%-дық зейнетақы жарнасын енгізу мерзімін 2024 жылға жылжыту ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заң жобасына өзгеріс енгізуге бағытталған Үкімет жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу 2024 жылға ауысады, қаулыны күшіне енгізу уақытын да 2024 жылға өзгерту қажет», – делінген кестеде.

Құжат 2022 жылдың 2 желтоқсанына дейін көпшіліктің талқысында болады.

Айта кетейік, бұған бейін кәсіпкерлердің 5%-дық міндетті зейнетақы жарнасын 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу көзделген еді. Заңға сәйкес кәсіпкер өз қаржысы есебінен қызметкердің зейнетақы қорына табысының 5%-ын аударуға міндетті.

Дегенмен кәсіпкерлер мен бухгалтерлер бұл жаңашылдыққа қарсылықтарын білдіріп, заң жобасын қайта қарауды сұрады. Сөздерінше, міндетті жарна жұмыс беруші мен қызметкер үшін де тиімсіз екен

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!