Егерде әр білікті маман өз тәжірибесімен бөліссе… онда білім сапасы бір сатыға көтерілер еді… Әр білікті маман қазақ тілді оқу әдістемелік құралдар жазуға азда болса уақыт арнап шұғылданса…

Қазақ тілді кітаптар саны артып, оқу әдістемеліктер көбейіп, біздің білім саласы да жұрт секілді бәсекеге қабілетті болар еді…

Қазақ тілі білім, ғылым тіліне бір қадам басар еді…Біз шамамыз келгенше сол бағытты 5 жыл бұрын бастаған едік…2016 жылдан бері тек қазақ тілінде 140 тан астам оқу әдістемелік құрал шығарыппыз.

Бастапқы кезде біраз қиналған едік, тәжірибе жинадық. Қазір желген аттай төселдік.Өткен жылдан Қайым Мұхамедханов атындағы 90 гимназияда осы тірлікті жалғастырып жатырмыз. Демеушілікте QAZBILIM баспасы.Соның жауһар өнімінің ертең тұсауын кесеміз. 9 пәннен 9 әдістемелік кешен жалпы 26 оқу әдістемелік құрал дайындадық» деп жазған болатын фейсбук парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!