Бүгінде еліміз бойынша ел қамбасына астық құйған тоқшылық пен берекенің бастауындай «Алтын дән» мерекесі тойланса, барлық тәрбие ұйымдары мен білім беру мекемелерінде «Алтын күз» молшылығын айшықтайтын ертеңгілік сағаттары өтуде. Соның бірі Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Кенженұр kz» балабақшасында мерекеленді. Балалар ән салып, би билеген бұл ертеңгілікте қызықты ертегі қойылымдары да сахналанды және молшылық айының көрінісін көз алдымызға келтірген көрме бұрышы ұйымдастырылды.

«Әйгерім Әбдіқожаева, Лаура Әбілдаева,  Арайлым Сапабекқызы есімді тәрбиешілердің балалар жүрегіне жол тауып жұмыс істегені күз мерекесінің жаймашуақ әрі қызықты өтуіне әсер етті деп сеніммен айта аламыз. Ата-аналар да ауызбіршілікпен атсалысты. Біз мұндай сағаттарды балалардың талантын ашуға жәрдемдеседі деп есептейміз», – дейді меңгеруші Гүлмира Жүнісқызы.

                                                                   Айгүл СӘРСЕНБАЕВА      

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!