Атыраудағы мектептердің бірінің 4-сынып оқушылары әлімжеттіктің кесірінен сабаққа барудан бас тартты. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтады. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. Оқушылардың бірінің анасы жақында оның 4-сынып оқушысы баласының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және әкесінің әмиянынан рұқсатсыз белгілі бір соманы алып кеткенін байқаған. Әлеуметтік желіде әйел оқиға туралы жазыпты. Екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтқан.»Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды.Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан», – деп түсіндірді Атырау облысының әкімдігі баспасөз қызметінде.Білім беру мекемесі басшылығына мектеп оқушыларының ата-аналары да өтініш білдіргені екен. Әкімшілік мектеп жанына орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда ештеңе табылмапты.

Атыраудағы мектептердің бірінің 4-сынып оқушылары әлімжеттіктің кесірінен сабаққа барудан бас тартты. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтады. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. Оқушылардың бірінің анасы жақында оның 4-сынып оқушысы баласының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және әкесінің әмиянынан рұқсатсыз белгілі бір соманы алып кеткенін байқаған. Әлеуметтік желіде әйел оқиға туралы жазыпты. Екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды.

Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан», – деп түсіндірді Атырау облысының әкімдігі баспасөз қызметінде.

Білім беру мекемесі басшылығына мектеп оқушыларының ата-аналары да өтініш білдіргені екен. Әкімшілік мектеп жанына орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда ештеңе табылмапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!