«Берік отбасы есірткіден алыс» ұранымен отбасылық үндеу жариялауға бел будық. Біз Тілеуқабыловтар отбасы есірткіге қарсымыз!

Оған тәуелділік қолдау таппаған жанда пайда болады  деп білеміз. Оның үстіне  балаларым зиянды заттардан, зиянды әрекеттен аулақ болса, ол менің үмітімнің ақталғаны дер едім. Денсаулыққа зиян тигізетін жат әдеттен аулақ болған жөн. Бала таңертең жаттығу жасап, ұйықтар алдында серуендеу, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды заттарға әуес болмайды. Сондықтан  ата-анақандай жағдай болмасын, баласына көңіл бөліп, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру қажет.

Елестетіңіздерші, нашақорлардың отбасынан шыққан балалар келешекте қандай болады? Өз өмірі мен әрекетіне жауап бере алмайтын, есірткіге санасы уланған адам қалай үлгі-өнеге болмақ? Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар бары қынжылтады. Абай атамыз айтқандай, тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын…

Сондықтан қоғам болып індетке нүкте қою маңызды. Достарым, егемен еліміздің болашағы – біздер! Жаман әдеттерден аулақ болайық!

#есірткігеқарсы,     

       #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!