Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында қазан айының үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазан айының үздігі атануға 7 спортшы үміткер болды. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов (шорт-трек), Алмат Кебіспаев (грек-рим күресі), Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі), Софья Берульцева, Мөлдір Жаңбырбай, Қайсар Алпысбай (каратэ).

Дауыс беру нәтижесі бойынша шорт-тректен Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша топ жарды. Дауыс беру 7 қараша күні 12:00-де аяқталды. Денис 73,45 пайызбен көш бастады. Оның ізін ала Жәмиля Бақбергенова мен Алмат Кебіспаев орналасқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!