Ұлт пен ұлысқа, дін мен тілге бөлінбей, ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру – тәуелсіз еліміздің ең басты құндылығы, берекесі мен бірлігінің айғағы. 1 мамыр – бірлік күніне орай ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме қызметкерлері қаламызда бой көтерген “Достық үйіне” барды. Түрлі этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты.

Танымдық кездесу барысында қызметкерлер этнос өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен қоғамдық өмірге қосып отырған үлесі жайында кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақтың маңызы, көпұлтты елдегі өзара құрмет пен түсіністіктің құндылығы да сөз болды.

Асылында, “татулық – табылмас бақыт” тәмсілі тегін айтылмаса керек-ті. Мұны жете түсінген мекеме қызметкерлері қоғам тыныштығы мен заңдылықты қамтамасыз ету жолында қызмет атқара отырып, ел бірлігін нығайтуға өз үлесімізді қоссақ дейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!