Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға!

Нашақорлықтың дендеуі бәсеңдеген жоқ. Онымен күрес тоқтаусыз жалғасуда.

 Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контробандасы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан кәмелетке толмағандарды екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша іске асырылады.

Бір сәт ойланып көріңізші. Қамшының сабындай қысқа өмірді мәнсіз өткізу кімге керек?  Қаншама шаршы метрді құрайтын жердегі тіршілік процесін тар қапаста өткізу, адамдықтың  жазылмаған кодексіне қарсы емес пе? Ғаламдық дертке жол бермейік! Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Сан ғасырлық тарихы сол күйі сақталған еліміздің мұрагері – біздерміз. Қазақстан – демократиялық мемлекет және оның басты байлығы халық саулығы. Жақындарыңа қуаныш сыйлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру – жарқын өмір бастамасы екенін ұмытпайық! Есірткісіз өмір ғажайып.

Дильназ РАХАТ,

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің 10 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!