Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау болып табылады.

          Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтауға ұмтылу қажеттігі айшықталған.

          Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабы қойылады.

Қызылорда облысының

Әділет департаментінің

Әкімшілік бөлімінің бас маманы

Әлішер Индира Құрбанәліқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!