Қазалы ауданындағы «Агро Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Медеу Есқожаев егін жинау науқанында мол табысқа қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттады.

«Алтын дән – 2021» салтанатты шарасында серіктестік директоры аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге «Агро Өркен» ЖШС-нің күріш өсірушілері Аманкелді Шайықов пен Ғибрат Шүленбайға су жаңа автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Қырманның астыққа толуына аянбай еңбек еткен Аманкелді Нұрмашұлы мен Ғибрат Мархабатұлы өздеріне бекітілген күріштің әр гектарынан 72 центрден өнім жинаған.Сондай-ақ, салтанатты шарада «Агро Өркен» ЖШС-нің егіс бригадирі Кеңес Шайыққа 1 млн. теңге, «Агро Өркен» ЖШС-нің механизаторы Жеңіс Қошқарбаев пен «Агро Өркен» ЖШС-нің ақ егіс бригадирі Мейрамбек Жәми 500 мың теңгенің қаржылай сыйлықтарына ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!