Қызылордада жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 1 қарашада Абай даңғылы мен Панфилов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында болды.

«Оқиға барысында Toyota Camry автокөлігін басқарып келе жатқан 54 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!