Ержігіт Мәлік облыстық жастар ресурстық орталығында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бөлімінің аға кеңесшісі болып жұмыс істейді. Ол замандастарына Тәуелсіздікке қатысты жылы лебізін арнады.

Тәуелсіздік – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері көптеген елеулі табысқа қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен жасампаздығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халқының өз болашағына деген берік сенімі, қазіргі заманғы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы –стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзым, салауат пен болашаққа деген үміттің мерекесі.

Біз ғасырлар бойы қаншама ұрпақтың арманы болып өткен тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырмыз. Ендігі күні іргетасы сапалы қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ. Өйткені қазақ деп соғар жүрегі бар әрбір алаш баласының жұмылатын тұсы, ешбір тайсалмайтын ісі де осы Тәуелсіздік болуға тиіс. Осы тұста, ел азаматтарына мықты денсаулық, әрбір үйге молшылық пен құт-береке, туған елімізге өркендеу тілеймін. Айбыны асқақтаған еліміздің аспаны ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Тәу етер Тәуелсіздігіміздің мерекесі құтты болсын!

Қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол тек қазақтың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілінің бəріне қатысты дүние. Оның тұжырымы бойынша, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеті емес, ол белгілі бір əлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойында қалыптасатын құбылыс. Өйткені ешкімді де осы елді сүй деп мəжбүрлеп, қолдан патриотизм жасай алмаймыз. Саяси-əлеуметтік, экономикалық негіздері толық қаланбаған жасанды отансүйгіштіктің ғұмыры қысқа, ертеңі бұлыңғыр. Патриотизм сөз бен істің ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Үлкен мінберден сөз алып, уəдені үйіп-төгіп, кейін сол уəдеден тайқып шығатындардан патриоттық күту бос əурешілік. Олардың осындай іс-əрекеті халық патриотизміне кері ықпал тигізуде. Қазақстанның дамуы жолында əркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-əрекет етсе, онда оны нағыз патриот деп қабылдаған дұрыс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!