3 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыстың жекелеген өңірлерінде жаңбыр мен найзағай сақталады. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы кей жерлерде +38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +36…+38 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +24…+26 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +30…+32 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +32…+34 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +36…+38 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +21…+23 градус.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +32…+34 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +35…+37 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +36…+38 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +35…+37 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +33…+35 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +34…+36 градус.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!