«Есірткісіз өмір ғажайып» байқауына

 «Наркомания» термині грек сөзінен шыққан, «есінен айырылу, құмарлық» дегенді білдіреді. Қауіпті затты тұтынушылар қоршаған ортаға қасірет әкелумен қатар денсаулығын құрдымға кетіреді. Бұл мәселе әлемдік деңгейде еш уақыт өзектілігін жойған емес.

Жағымсыз әдетке тәуелді адамдардан көбіне жақыны теріс айналып жатады. Себебі есірткінің қармағына бір іліксең, сытылып шығу қиынның қиыны. «Адам өз өмірінің қожасы».Сондықтан жаманнан қашық, жақсыға асық болу керек. Бұл ретте Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жастарға берген екі маңызды кеңесі еске түседі. Оның біріншісі – білім алып, маман атану, екіншісі – ел игілігіне қызмет ету, патриот болу. Ал, мұның барлығына қол жеткізу үшін десаулығыңа мән беруің керек.

Саулық – сақтықта. Оның үстіне жастары жағымсыз әдетке үйір елдің болашағы да бұлыңғыр. Болашақтың кілті біздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Алина АТОЛЛА,

Қызылорда қаласы,

Досан ауылындағы

№280 мектептің

8 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!