Отандық әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіге тараған шулы видеосына қатысты пікір білдірді. Әнші алдағы уақытта тыңдармандарына тек жанды дауыста ән айтатынын жеткізді, деп жазады жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында мәлім етті. «Менің дауысымнан шок болып, ұйықтай алмай жатқан оқырмандарым, кеш жарық. Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем болады. Осындай мүмкіндік жасап берген азаматтар, сіздерге респект. Ең бастысы, мен сіздермен біргемін. Сіздер менімен біргесіздер. Бұл алдағы уақытта үлкен концерттерге жолдама деп ойлаймын. Күтіңіздер. Жанды дауыста жақсы дүниелерді өздеріңізге ұсынамын», – деді Гүлнұр Оразымбетова.

Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетованың «Көкке өрле» әнін жанды дауыста орындаған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!