Бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,7%-ға өсіп, барреліне 72 доллардан жоғары саудаланып жатыр. Әлемдік мұнай нарығында қара алтынның бағасы қайта өсе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дегенмен бұл өсім жалпы жағдайды әлі өзгерткен жоқ. Бір ай ішінде мұнай бағасы шамамен 24%-ға төмен күйінде қалып отыр.

Әзірге уран бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Соңғы бір айда оның құны бұрынғы қалпында қалды. Бұл нарықтағы инвесторлардың әзірге асықпай, жағдайдың қалай өзгеретінін күтіп отырғанын көрсетеді.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Brent – 72,47 доллар (+0,66%)
  • Уран – 85,25 доллар (-0,29%)

Айта кетейік, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің қанша теңгеден саудаланып жатқаны белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!