Ұстаз үшін шәкіртінің биіктен көрінуі – ең үлкен бақыт. Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің табалдырығында білім нәрімен сусындап, бүгінде өзіндік бағыт-бағдарын айқындаған шәкірттеріміздің бірі –Шынболат Әбдухали.

Шынболат мектеп табалдырығын аттаған нан-ақ өзінің зеректігімен, сөзге шеберлігімен және көркем мінезімен ерекшеленді. Оның бойындағы ақындық ұшқын уақыт өте келе нағыз шығармашылық адамына айналдырды. Бүгінде ол – тек білімді оқушы ғана емес, мектебіміздің атын қалалық деңгейде танытып жүрген жас талант.

Өнер додаларындағы жетістіктерінің қата рында бірқатар сайыстардың бас бәй гелері де бар. Шынболаттың поэзия әлеміндегі қадамы өте нық. Ол қазақ әдебиетінің классиктеріне арналған бірнеше ірі додаларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

• «Мағжан оқуларында» ақынның отты жырларын жүрекке жеткізе оқып, рухтылығымен танылды;

• «Сәкен оқуларында» сұңқар ақынның сыршыл әлемін терең түйсініп, көрерменді баурап алды;

• «Мәшһүр-Жүсіп оқуларында» бабалар мұрасына деген адалдығы мен білімпаздығын дәлелдеді.

Ұстазы ретінде мен Шынболаттың әрбір жаңа өлеңінен оның азаматтық ұстанымын, отансүйгіштігін және ұлттық рухын көремін. Ол жай ғана ұйқас қумайды, ол өлең арқылы ой айтады, қоғамдық мәселелерге үн қосады.

Шәкіртімнің бойындағы бұл талант Алланың берген сыйы болса, соны ұштау – біздің міндетіміз. Шынболаттың болашақта қазақ поэзиясының төрінен орын алатын ірі тұлға болатынына кәміл сенемін.

Алдымызда үлкен белес – мектеп бітіру емтихандары мен үлкен өмірге қадам басу сәті тұр. Шынболатқа тек сәттілік тілеймін! Қаламың ұштала берсін, жас ақын. Сенің жетістігің – мектебің мен ұстаздарыңның мерейі.

Гүлжауһар ЖАЙЛЫБАЕВА,

Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!