Батыс Қазақстан облысында 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік прокуратураның ресми сайтында хабарланды.

Қадағалау органының мәліметінше, Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталған. «Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды.     Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада. Ведомство өкілдері бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Дереккөз: kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!