Қазақстанда жаңа оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сонымен қатар тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған.

Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн созылады 

ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін жалғасады. 

Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі. 

Көктемгі демалыс 9 күнге, яғни 18 наурыздан 27 наурызға дейін созылады. 

Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жазғы демалыстың жалпы ұзақтығы – 92 күн.