К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясында Шәленова Назкен 6″А»сыныбына Расул Ғамзатовтың «Ана тілі» тақырыбына ашық сабақ өтті. Расул Ғамзатовтың “Ана тілі” өлеңі оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Сабақ барысында оқушылар ақынның тіл туралы терең философиялық ойларын талдап, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдіре алды.
Сабақтың басында оқушыларға өлеңнің мазмұны мен идеясы жайлы сұрақтар қойылып, шығармашылық бағытта ой қозғауға мүмкіндік берілді. Олар өз ана тіліне деген көзқарастарын ашық айтып, эссе жазуға белсене қатысты.
Топтық жұмыс барысында әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, бір-бірімен пікір алмаса отырып, өлеңнің негізгі идеясын аша білді. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, оның көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасады. Сабақтың көрнекілігі ретінде слайдтар, суреттер және бейнематериалдар қолданылды. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тақырыпты терең түсінуіне ықпал етті.
Сабақ оқушылардың танымдық, шығармашылық және тілдік дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты. Жалпы, бұл сабақ оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани тәрбиенің бір тетігіне айналды.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!