SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Sajol лақап атымен танымал блогер Сымбат Қасымова хиджабын шешкенін жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Блогер Instagram парақшасында жаңа образдағы видеосын бөлісіп, өміріндегі өзгерістер жайлы жазба жариялаған. Кадрларда оның шаш түсін өзгерткені де байқалады.

«Өсек, аңду, көреалмаушылық пен қараңғылық көп өмірде жарқырап жанған от болғым келеді. Жаңа кезең», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі блогердің жеке таңдауын қолдаса, енді бірі «орамал ойыншыққа айналды» деген сын айтты.

Оқырмандарының «Неге кидің, неге шештің?» деген сауалына блогер ашық жауап берген.

«Қатты кигім келді – кидім. Шешкім келді – шештім. Болды. Оның несі түсініксіз? Біраз уақыттан кейін қайта кигім келсе, тағы да орамалға келемін. Өмір бойы адам өзімен, өз ойымен күреседі. Ең маңыздысы – сол күресте адам болып қалу», – деді Сымбат Қасымова.

Сондай-ақ блогер адамдарды қорқынышқа берілмей, өмірде батыл қадам жасауға шақырды.

«Қателесемін деп жүріп, өмірдің қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз. Кейін күш-қуат азайғанда “неге жастықта жасап көрмедім?” деп өкіну кеш болады», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Абай Бегейдің екі қызы да хиджабын шешкені туралы ақпарат тараған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!