Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов шетелдік педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібі қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифингіде БАҚ өкілдері министрге Ресей, Украина және басқа елдерден келген мигранттардың балаларын мектептер мен балабақшаларға орналастыруға қатысты сұрақ қойды.

«Бізде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты, белгіленген рәсімдер бар. Біз бүгінгі күні үлкен өзгерістерді байқап отырған жоқпыз. Барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан ешқандай өзгеріс жоқ. Бұған дейін әр түрлі жағдайлар болғанын білесіздер. Қазіргі уақытта да қандай да бір өзгерістер байқалған жоқ», – деді Асхат Аймағамбетов сұраққа жауап бере отырып.

Ведомство басшысы мигранттардың балаларын мектептер мен балабақшаларға қабылдау тәртібі барлық қазақстандықтармен бірдей екенін түсіндірді. Бұл талап уақытша тұруға рұқсат алған мигранттар мен уақытша келетін шетелдіктердің балаларына ортақ.

Сондай-ақ, министр қазақстандық білім беру ұйымдарына басқа елдерден педагогтерді қабылдау үшін қойылатын талаптар туралы айтты. Педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер Ұлттық біліктілік тестінен өтуі тиіс. Бұл тест екі бөлімнен тұрады: пәндік және оқыту әдістемесі. Қазақстанда пәндерді оқытуда, әдіснамада және пәндердің мазмұнында маңызды ерекшеліктер бар. Тиісінше, үміткерлер осы талаптарға сай болуы керек.

Бұған қоса, брифингі барысында Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетінін мәлім етті.

Оның айтуынша, мұндай механизм қазіргі таңда бірнеше балабақшада сынақтан өтіп жат