Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев академияның «Жер, Ғарыш және коммуникациялар туралы ғылым» бөлімшесінің төрағасы ретінде жұмыс тобымен бірлесіп отандық ғылымды ілгерілетуге атсалысады.
Асқар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі.
Ал Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев ҚР ҰҒА «Агробиоресурстар және экология» бөлімшесінің жұмыс тобының төрағасы болып сайланды.
Сондай-ақ аталмыш академияның вице-президенті Ләззат Тасболатқызы Ералиева «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесінің жұмыс тобының төрайымы ретінде, вице-президент Такир Оспанұлы Балықбаев академияның «Білім және азаматтық қоғам туралы ғылым» бөлімшесінің жұмыс тобының төрағасы қызметінде жұмыс істейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!