Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 29 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр. 

Фото: Pixabay

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 8 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 29 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр. 

Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз. 

Айта кетейік, бұған дейін  Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылғанын жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!