85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.

Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.Тарихы тереңде бір адамның ғұмырындай уақыт болған ҚазҰУ-дың Республикалық деңгейде де халықарлық деңгейде өзінің орны бар.М.Әуезов атамыз сабақ берген, «Махаббат қызық мол жылдар» атты көркем шығарманың кейіпкері Ербол, халықаралық спорт шебері Ермахан Ыбрайымов сынды атақты тұлғалар білім алған ҚазҰУ киелі орда. Әрбір бітіруші жас талапкердің арманына айналған бұл оқу орнының берер мүмкіндігі мен білім сапасы жоғары екені белгілі. Сапалы кадрлар дайындауда өзіндік үлес қосып келе жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беретін жетекші білім ордасы. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақсаты отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру кеңістігінде орын алатын, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытып, оларды өндірісте қолдануға өз үлестерін қосатын жоғары маман иелерін дайындау болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша алғаш тұрған, елімізде ең алғаш Қазақстан Республикасының Президентінің «Сапа бойынша жетістігі үшін» сыйлығының лауреаты, өнімдер мен қызметтердің сапа бойынша жетістігі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұсынған сыйлықтың дипломанты атанған бірден-бір оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық университтер бірлестігінің мүшесі және Евразиялық университтер бірлестігінің тең құрылтайшысы болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы бірінші және Орталық Азия елдері Болонье қаласындағы Ұлы Хартия Университтері келісім шарт жасаған жоғары оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ біліммен, ғылыммен, рухани-тәрбиемен, инновациялық және өндірістік потенциалмен қамтамасыз ете алады.
Университтің құрамында 15 факультет, 63 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, технопарк іске қосылған; 2 мыңға жуық профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден аса ірі академиялардың академиктері, 30 –ға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса Мемлекеттік лауреаттар және ҚР таңдаулы сыйлықтарының иегерлері, 40 жас ғалымдар сыйлығының иегері, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегерлері жұмыс жасайды. Университет қабырғасында 18 мыңға жуық студенттер мен магистранттар жоғары деңгейлі жүйе бойынша кәсіби білім алады. Университет 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен халықаралық білім бағдарламасын жүзеге асыруда, студенттер ауыстырып білім беруде және тәжірибелер өткізуде бірлесіп жұмыс жасауда.
Балапандай қанат қаққан, әрбір жас тұлғаны бауырына басып дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Әрбір студент еліміздің болашағы. Сапалы маман даярлауда біздің университет алдыңғы қатарларда жүр. Білімнің қайнар ошағы болып отырған қара шаңырақ заманауи білім беруден де қалыс қалып жатқан жоқ. Әлемдік озық елдерге студенттеріміз барып оқып келіп тәжірибе жинап университетте дуалды жүйе де қалыптасып теория мен практиканы қатар дамытып жатыр. Оқимын деген әрбір тұлғаға жан-жақты көмек пен мүмкіндік жетерлік. Танымал профессорлар мен білімді ұстаздардан білім алған студенттеріміз жақсы жерлерде қызмет атқарып жүрген жандар аз емес. ҚазҰУ білім мен тәрбиенің ошағы, қара шаңырақтан білім алған әрбір тұлға мемлекет болашағы. Тарихы тереңде жатқан қаладағы тарихи университетім менің саған алғысым шексіз!
Князбай Анелья Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенті.
Талғат Бекболатұлы Әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, докторант, әдеби кеңесші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!