Бүгін «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту стратегиясы мен алдағы инновациялар талқыланды. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Щеглова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Сарбасов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Оспанова, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, кеңес және жастар ұйымдарының мүшелері, журналистер және т. б.

Отырысты аша отырып, кеңес төрағасы, депутат Нартай Сәрсенғалиев «Болашақ» стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жаңа стратегиясын ескере отырып, бірқатар өзгерістер болатынын атап өтті. Инновациялар стипендияның тиімділігін және құжаттарды қабылдау мен конкурстық іріктеудің ашықтығын арттыруға бағытталатын болады.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Стратегияның жаңа тармақтары бойынша бірқатар түсініктемелер берді. Салалық және өңірлік сұраныстарды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялар мен даму жоспарларын ескере отырып, басым мамандықтар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды, тізім бекітілуде. Сондай-ақ, ұйымдар мен кәсіпорындардың сұраныстары бойынша топтық тағылымдамаларды енгізу, постдокторантураны іске қосу, ауылдық квоталарды ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда, стипендиядан айырылған тұлғалардан қаражатты қайтару бойынша жүйелі жұмыс құрылды, ай сайын мемлекеттік бюджетке шамамен 160 млн теңге қайтарылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығының» Басқарма төрағасы Әлия Оспанова орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарлады. Құжаттарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі және сәуір айының соңында басталады, автоматтандыру контекстінде конкурстық іріктеу процесі қайта қаралады, жергілікті атқарушы органдармен ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша өтінімді қалыптастыру және өңірлердің проблемаларын тиімді шешу және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін білім алушы стипендиаттардың кураторлығын ұйымдастыру мәселесі пысықталады. Стипендиаттардан түскен сұраныстарды ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдармен бірге 2012 жылдан бері өзгермеген стипендия мөлшері мен шығыстар нормаларын қайта қарау талқыланады.

«Қысқа мерзім ішінде біз тағылымдамадан өту шарттарын жасасу процесін цифрландырдық. 1-16 ақпан аралығында TrustMe платформасында 346 онлайн келісім-шарт жасалды, бұл стипендиаттар жұмсайтын ресурстарды айтарлықтай қысқартты. «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бойынша құжаттарды қабылдауды автоматтандыру, СІМ және елшіліктермен бірлесіп кепілдік хаттарды цифрландыру, үміткерлермен және стипендиаттармен өзара іс-қимыл жасау үшін онлайн – платформа мен мобильді қосымша әзірлеу жоспарлануда», – деп атап өтті Ә.Оспанова.

Кездесу соңында қатысушылар «Болашақ» стипендиясына одан әрі өзгерістер енгізуді талқылау үшін брейнсторминг өткізуге келісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!