Биылғы оқу жылының аяқталуы шаралары бойынша Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарындағы мектеп бітіру салтанаттарын өткізудің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сәйкесінше бүгін 9.00-ден бастап өңірдегі барлық орта білім ұйымдарының 1 – 10 сыныптары «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты мемлекеттік гимнмен басталды. Тәрбие сағаттарында балалардың жыл бойғы білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктері сараланып, үздік шығып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында патриоттық тақырыпта шығармалар мен өлеңдер оқу, еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштері мен Қазақтың батырлары туралы әңгіме аңыздардан үзінділер келтірілді.

Және осы күні «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында 9, 11 сынып түлектері эссе жазып, онда өзінің оқып шыққан мектебіне ыстық ықыластарын білдірді.

Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту сынды ақпараттар айтылды.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап енгізілген тұжырымдаманың негізгі мақсаты балаларды даңғазалықтан арылтып, ысырапшылдыққа жол бермеу.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!