Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!