Елімізде аз қамтылған отбасы мүшелеріне кепілхат беру қарастырылуда. Жоба аясында ата-аналар өз балаларына сол ваучермен мектепке қажетті форма мен басқа заттарды сатып ала алады, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл жоба жайлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» платформасы әзірленуде. Сол арқылы белгілі бір дүкендерден мектеп формасын сатып алуға кепілхат берілмек. Бұл қаржылай көмекті электрондық жүйеге ауыстыруға жол ашады. Осы арқылы бұған дейін есеп-шотқа аудару арқылы беріліп келген қаражаттың нысаналы жұмсалуында ашықтық қамтамасыз етілмек.

Аталған пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында, кейін еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланған. Аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары шеңберінде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға көмек ата-аналардың өтінішіне сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде ақшалай берілетінін атап өткен жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!