Нұр-Сұлтан қаласында Білім және ғылым министрлігі мен «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен республика колледждерінің «100 топ студент» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қуантарлығы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі республикалық жоба жеңімпаздарының қатарында бар. «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдығы» мамандығының ІІІ курс студенті Сандуғаш Абдуллаева мен жетекшісі, «Құрылыс» мамандығының арнайы пән оқытушысы Нұр Меңліқұлов марапаттау салтанатына қатысып қайтты. 100 жеңімпаз-студент үшін жеке және кәсіптік өсу бағдарламаларын іске асыратын тренер-коучтарды тарта отырып, шеберлік сыныптары, тренингтер ұйымдастырылды.

Мерейлі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бұл ұжым үшін керемет тарту, студенттер үшін жарқын серпіліс болып отыр. Колледж директоры Бахытхан Әбдікәрімов те жүлдегерлерді арнайы құттықтап, болашақта да биік белестерден көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тілейді.

Н.МАШАРАПҰЛЫ,

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!