Қайғылы оқиға Талғар ауданының Еламан ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқушы емтихан тапсыруға мектепке мопедпен келген. Алайда тоқтап үлгермеген 9-сыныптың оқушысы мектепке соғылған. Жанаргүл Күнсақалова басқаратын №41 мектептегі қайғылы жағдай бүгін болды. Алған ауыр жарақатынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмған. 

«Мектепке оқушы мопедпен келген. Сынып жетекшісі Ғалымбек Мұратбаев та, мектептің директоры да оқушыларға қауіпсіздік туралы неге ескертпеген? Оқушылар мектепке бірінші рет көлікті өздері мініп келіп тұрған жоқ. Алайда оған мектеп директоры мүлдем мән бермеген. Ақыры оқушы қайғылы жағдайға тап болды. Мынаны естіген ауыл халқына бұл жағдай ауыр соқты. Ауылдың мұғалімдері жаздық демалыстың ақшасын алады. Директорға жағымпазданған кейбір мұғалімдер ақша жинауға да ұсыныс айтып үлгерді», – деді аты-жөнін атамауды өтінген Еламан ауылының тұрғыны.  

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы аталған жағдайға қатысты ақпаратты кейінірек беретіндерін хабарлады.

nege.kz