Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 100 жылда бір туатын ақын. Өзінің жалынды, оттай ыстық жырларымен талай қазақтың жүрегін жылыта білген Алаш қайраткері.

Жылдағы игі дәстүрге сай бүгін облыстық білім басқармасының қолдауымен, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен поэзия Пайғамбарының шоқ жырлары оқылып, оқушылар арасында аймақтық сайыс өткізілді.

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауына облысымыздан 30-дан астам оқушы қатысып, ақиық ақынның шығармаларын оқып бақ сынасты.

Балалар жылына орай өткізілген бұл байқаудың басты мақсаты жастар арасында сөз зергерінің шығармашылығын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Дүбірлі додада үздіктер арасынан алға суырылып жеңімпаз атанған 14 оқушы арнайы басқарманың дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!