Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Медина Нарманова Америкадағы 2 университетте білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтқанда, жас зияткер әлемдегі топ ЖОО қатарына енетін — Алабама Университетінің президенті тағайындаған 100 % оқу грантын иеленді. Сондай-ақ, Иллинойс Институты де түлегімізге 50 % оқу гранты мен стипендия беруге дайын екендіктерін жеткізді. Бұл қос білім ордасында «Бизнес менеджмент» мамандығы бойынша оқуға құжат тапсырған Медина алдағы уақытта тағы 5 жерден жауап күтіп отыр екен.

Айта кетейік, биыл мектепті 95 оқушы бітіреді. Бүгінде олар қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының конкурстық іріктеуіне құжат тапсырып, бақтарын сынауда.