halyq-uni.kz Артынан жағдайы нашарлап, меңгеруші отыратын кабинеттің алдында жан тапсырған.

Өскемен қаласында 25-орта мектепте қайғылы жағдай болды. Оқу ісінің меңгерушісімен ұрысып қалған еден жуушы кабинеттің алдында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте мектепте еден жуатын әйел мен оқу ісінің меңгерушісі жанжалдасып қалды. Осыдан кейін тазалыққа жауапты келіншек дәрі ішкен-мыс. Артынан жағдайы нашарлап, меңгеруші отыратын кабинеттің алдында жан тапсырған.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу шараларының басталғанын да хабарлады. Алайда күні кеше қылмыс басқа бапқа ауыстырылды.

Іс ауыстырылды. 105-бапты алып тастады. Қайтыс болған әйелдің қан қысымы жоғарылаған, жүрегі де ауырған», – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары қолға алынды.