Психологтар 2010 жылдан кейін дүниеге келген балаларды ұруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

2010 жылдан кейін дүниеге келгендер – альфа ұрпақтары. Олардың ішінде өзіне дейінгі буыннан бірнеше есе асып туғандар, вундеркинд оқушы, тіпті әлемді сақтап қалатын адам болуы мүмкін. Сондықтан мамандар ата-ана балаға назар аудармаса, түрлі психологиялық проблемаларға тап болуы әбден мүмкін дейді.

Бұл ұрпақ өкілдеріне робот құрастыру да қиын емес. Түрлі техниканы меңгере алады. Олардың мүмкіндігі шексіз болса да, психологиялық тұрғыда әлсіздеу. Сандық техногология заманында өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің мінез-құлқы мен дамуы ерекше. Олармен тіл табысу да қиын.

“Бала құрсақта жатқанда, ата-ана сенсорлы технологияны қолданады. Сол үшін олар дүниеге келген кезде алфадтарды ұстап туылады. Олар көп мәліметті бір уақытта алуға қабілетті. Ақпаратты тез қабылдайды”, – психолог Айгүл Наурызбаева.

Көпбалалы ана Алма Сайлауқызы да баланы ұрудың дұрыс емес екенін айтты. Оның айтуынша, балаларды ұрып тәртіпке келтіру мүмкін емес.

“Балаға айтқанды емес, істегеніңді қайталайды. Сондықтан өзіміз үлгі болуға тырысуымыз керек. Заманауи ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тырысамыз”, – деді Алма Сайлауқызы.

1980-1996 жылғы балалар миллениал ұрпақ деп аталды, 1997-2010 жылғылар – зумерлер буыны. Ал альфа ұрпақ олардан ерекше.  Алайда сарапшылар альфа өкілдері жансыз роботқа айналып кетпей ме деп қауіптенеді. Технология толқынын тоқтата алмайтын болғандықтан, психологтар ата-аналарға олардың бойынан адамдық болмысты өшірмей, эмоция сыйлауға кеңес береді.