Бүгін «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы ақын, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты «Қазақ жырының Құлагері» атты студенттер конференциясы ұйымдастырды. 

Ұйымдастырушылар ақын І. Жансүгіров шығармашылығына студенттердің назарын аудару, шығармаларындағы тілдік және әдеби мәселелерді зерттеуді басты мақсат ретінде қойған. 

Конференция жұмысы аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты А. Байдаулетованың кіріспе сөзімен ашылды. «Қазақ тілі мен әдебиеті»білім беру бағдарламасының білім алушылары А.Бектұрған «І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы фразеологизмдердің қолданысы», А.Қыдырбай «І. Жансүгіров поэзиясындағы «Жалғыздық» концептісінің лингвокогнитивтік сипаты», А. Қуаныш «І. Жансүгіров поэмаларындағы көнерген сөздердің қолданылу ерекшеліктері», Ш. Жұбанышбаева «І. Жансүгіров шығармаларының поэтикасы», Қ. Қалам «І.Жансүгіров поэзиясы тіліндегі сөзжасамдық бірліктер» тақырыптары бойынша баяндамаларын оқыды. Сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Студенттер конференциясын «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Нұрсұлтанқызы жүргізді.

«Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!