Бүгін Қызылорда «Болашақ университеті «Құқықтану және қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен аталмыш кафедраның меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Г.И. Аргинбекованың мерейлі 50 жасы шеңберінде өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында мектеп оқушылары арасында олимпиада өтті.

Іс-шараның мақсатына Конституция мен заң мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды ғылыми ізденістерге тарту және қолдау жатады. Олимпиадаға «Фемида», «Сот», «Заң», «Лидер» және «Сұңқар» құрама командалары қатысты. 

Мектеп командаларының қатысушылары өз білімдерін қолдана отырып, түрлі жеке және командалық тапсырмаларды орындады. Бұл оқушылар тарапынан кәсіби бағдарлау үшін баға жетпес тәжірибе ретінде бағаланды.

Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Лидер», II дәрежелі дипломмен «Фемида» және «Сұңқар» командалары, IІI дәрежелі дипломмен «Заң» және «Сот» командалары марапатталды. Барлық командаларға дипломдар, топ жетекшілері мен мектеп директорларына алғыс хаттар табысталды.

«Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!