Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында Сыр дарындары топ жарды.

Биылғы жылдың 19-25 қыркүйек аралығында онлайн форматта информатика пәні бойынша Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Еуропаның 32 мемлекетінен 172 оқушы қатысқан білім бәсекесіне елімізде іріктеуден өткен 8 оқушы да бақ сынасты.

Алты күнге созылған EJOI-2022 олимпиаданың нәтижесінде аймағымыздың абыройын қорғаған Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Мансур Мамадахунов «Күміс медаль», Иса Ахмет «Қола медаль» иегерлері атанды.

Жеңімпаз атанған дарынды оқушыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, ата-аналарына, «Білім-инновация» лицей-интернатының ұжымына алғысымызды білдіреміз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!