Математика, физика және информатика мұғалімдері мен жаттықтырушылары арасында өткен IMPACT Olympiad VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Баймен Сәбит 2-орын иеленді.

Еліміздің және шет елдер мектептерінің педагогтері қатысқан додада ұстаздар математикалық есептерді шығарудан жарысып, әдістемелік шеберліктерін шыңдады.

Айта кетейік Баймен Сәбит бұл олимпиаданың жыл сайынғы қатысушысы. Өткен жылы да асығы алшысынан түсіп, олжалы болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!