Осы оқиғаға байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды.

Шымкентте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларды сабаққа арнайы киім алып келмегені үшін ұрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұны ұстазынан бірнеше рет таяқ жеген шәкірттердің бірі телефонға түсіріп алған. Ата-аналардың айтуынша, мұғалім бұған дейін де, ұл балаларды бірнеше рет оңашада ұрған көрінеді.

Директорға айтқан болатынмын осындай жағдай қайталанып жатыр. Қалай хабарыңыз жоқ деп. Сол кезде ескерту беремін, қайталанбайды деген болатын. Міне ескертудің нәтижесі осындай болып тұр, – дейді ата-ана Рита Аралбайқызы. 

Пән мұғалімінің бұған дейін де, еңбек заңдылығына байланысты сөгіс алғаны белгілі болды. Осы оқиғаға байланысты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Ал мұғалімді бұдан да қатал жаза күтіп тұр.

Оқушылардың барлығы осында жиналып отыр. Ата-аналар келеді. Бәрін жинақтап, құжаттандырып, қолымызда факт бәрі бар. Ата-аналардың арызы бойынша жұмыстан шығаруға әрекет жасаймыз, – деді мектеп директоры Ербол Жолтаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!