Баланың әкесі жүргізуші, анасы колледж мұғалімі. Оқушының жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне қарағанда, №48 жалпы орта мектепте11 қаңтар күні сағат 11.00-де дене шынықтыру сабағы барысында 2010 жылы туған  8 «А» сынып оқушысы Тұрдалы Азамат Ғаниұлы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі  Розиева Гулжамал спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығын хабарлайды. Құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды басқарма.

Баланың әкесі жүргізуші, анасы колледж мұғалімі. Азамат үш баланың ортаншысы болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!