2024 жылғы 20 сәуірде Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Маковчик Александр Васильевич Қызылорда ашық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы бастаған делегацияны қабылдады.

Қабылдау университеттің Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығында жүргізілді, оған БМПУ-дің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры Шеститко Ирина Владимировна, Беларусь-Қазақстан мәдени-білім беру орталығының басшысы Гардукевич Марина Чеславовна қатысты.

Қызылорда ашық университетінің делегация құрамында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сайлаубекова Нұржамал Сайлаубекқызы және бірінші курс студенттері Жүсіпов Мұрат, Оралбай Рысдәулет болды.

Кездесу педагогикалық бағыт бойынша тәжірибе алмасу форматында өткізілді. Профессор-оқытушылар құрамын дәріс оқуға шақыру. Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалардың, тағылымдамалардың білім беру бағдарламаларын жасау және оларды ұйымдастыру.

Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ғылыми басылымдарында бірлескен жарияланымдар шығару. Профессор-оқытушылар құрамының БМПУ және Қызылорда ашық университеті ұйымдастыратын ғылыми конференцияларға қатысу. Бірлескен халықаралық ғылыми гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу. Кездесу соңында құрметті қонақтарға арналған кітапта ізгі тілектерін жазып қалдырды. Университет тарихымен таныстырып, музейлерге экскурссия жасалды.

Сондай-ақ, Қызылорда ашық университетінің студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Белорусь елінде білім алуа.

Бүгінде Қызылорда ашық университетінің Құқықтану (қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Оралбай Рысдаулет Оралбайұлы 2023-2024 оқу жылының 2-ші академиялық кезеңінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Беларусь Республикасындағы Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университетінде білім алуда.

− Бұл бағдарлама арқылы мен білім көкжиегін кеңейтумен қатар Беларусь Республикасының табиғаты мен мәдениетімен танысып жатырмын. Университет қабырғасындағы тарихи орындарды көріп тарихты оқып та, тыңдап та, оған қол тигізіп те көрдім. Көптеген жерлерді аралап, студенттермен тәжірибе алмасып, жан-жақты дамып, уақытты барынша тиімді пайдаланудамын. Осы бағдарламаның көмегімен барынша сапалы білім алу барысында еңбектеніп келемін. Осындай мүмкіндік туғызған екі жақтың басшыларына үлкен алғыс білдіргім келеді, − деп өз қуанышын жеткізді.

2023 жылдың қараша айында Қызылорда ашық университеті мен Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцкий мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Полоцк қаласы) арасында халықаралық ынтымақтастық орнаған болатын.

Полоцкий мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Голубева Оксана Валерьевна аппарат басшыларымен бірге университетке 15-21 сәуір аралығына, 1 аптаға арнайы шақыртумен келген Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызын және Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сайлаубекова Нұржамал Сайлаубекқызын қабылдады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен осы университетте білім алып жатырған «Құқықтану (Қылмыстық құқық)» білім беру бағдарламасының студенті Оралбай Рысдәулет пен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Жүсіпов Мұрат қабылдауда болды.
Кездесуде Айсұлу Мұхамбетжанқызы Қызылорда ашық университетін таныстыру барысында Қазақстан Республикасынның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық білімнің, ғылымның дамуына, оның әлеуетін көтеруде, ғылыми жобалардың гранттық қаржыландыруға бөлінетін қаржының жылдан жылға өсуіне, жас ғалымдарды қолдауға үлкен мән беріп жатқанын айтты.

Екі жоғары оқу орнының өкілдері кездесу барысында білім беру процесі мен ғылыми қызмет аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Бакалавриат даярлық деңгейі бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жасауға келісім жасалды, Ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Осылайша, Қызылорда ашық университеті дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, шетелдік мықты университеттермен байланысты нығайта бермек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!