«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне арналған университеттегі ғылым аптасы аясында әлеуметтік-саяси және құқықтық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Қызылорда «Болашақ» университетінің құрылтайшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.С. Досманбетов қатысты.

Кездесу барысында университеттің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері мен пән оқытушылары шара қонағына өмір, ғылым және білім жолындағы қызметі бойынша сауалдар қойды. Сауалдарға жауап беру барысында шара қатысушылары Б.С. Досманбетовтың жеке өмір жолы және академиялық ортадағы тәжірибесі, еліміздегі ғылыми зерттеулер мен білім берудің қазіргі реформаларына көзқарастары, университеттің болашақ бағытына қатыстыбастамаларымен танысты.

Сұрақтар мен жауаптар форматы шараның динамикалық диалогта өтуіне ықпал жасап, академиктің тәжірибесі мен даналығынан құнды ақпарат, білім мен шабыт алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кездесу қатысушылары арасында туындаған ынтымақтастық сезімі білім мен ғылыми зерттеулерді дамытудағы пәнаралық өзара әрекеттесу мен ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын көрсетті.

Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күнінеарналған осы кездесу студенттер мен оқытушылар арасында мазмұнды пікірталастар мен идеялар алмасуға арналған алаң болды.

Әлеуметтік-саяси және құқықтық зерттеулер орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!