Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде ғылым аптасы аясында әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы арнайы білім беру бағдарламасының білім алушыларымен бірлесе отырып «Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде арнайы білім беру бағдарламасының білім алушылары Ж.Д. Әбдісұлтанова, Г.Е. Ерланова және Б.Е. Серікбай баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдегі баяндамаларда білім алушылар арнайы білім беретін мекемелердегі зияты зақымдалған балаларға білім берудің оқыту технологияларының ерекшеліктері мен тиімді тұстарын ашуға тырысты. Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арнайы білім беру ұйымдарында қолданылатын педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен тиімділігін талқылады. Ойын технологиясы мектепке дейінгі мекеме балалары мен бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын тудыруға, арт-терапия технологиясы мектеп жасына дейінгі баладан бастап ересек адамдарды емдеуде оң нәтиже беретіндігі айтылды. Денсаулық сақтау технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психоэмоционалдық көңіл-күйін реттеуде және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретіндігі баяндалды.

Дөңгелек үстел жұмысын педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы С.З. Балмаханова ұйымдастырды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!