Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Денешынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының 1-2 курс студенттері танымал спортшылармен кездесті.

Басқосуда Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай оқу орнында спортты дамыту және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше назарда екенін айтты.

«Бүгінде университетте спортшыларға әрдайым қолдау көрсетіліп, қажетті жағдай жасалуда. Біздің студенттер еліміздің спорттық намысын олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында, әлемдік универсиадада, Азия және Еуропа чемпионаттарында лайықты түрде қорғап келеді. Біз өз спортшыларымызды мақтан етеміз»,-деді Жандос Нұртайұлы.

Еркін форматта ұйымдастырылған жиында грек-рим күресінен ересектер арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Айдос Сұлтанғалиға, шахматтан Әлем чемпионы Әсел Серікбай мен белбеу күресінен Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Райымбек Рантаевқа Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімованың «Құрмет грамотасы» табысталды.

Студенттермен кездесу барысында спортшылар өздерінің жетістіктері, спорт жолындағы сынақтары, тартысты додаларға дайындықтары мен қызықты естеліктері туралы бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!